Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар, өрттер және басқа да факторлар туындаған кезде дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті уақытылы және сапалы көрсету мақсатында 2022 жылы 11 қаңтарда Қорғалжын ауданы 15-ӨСБ жеке құрамымен оқу-жаттығу сыныбында сабақ өткізілді. Қорғалжын ауданының жедел жәрдем қызметкерлерін шықыруымен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша келесі мәселелер қаралды:

        - Жасанды тыныс алудың және кеуде қуысын сыртқы қысудың негізгі ережелері мен әдістері, пульсты анықтау;

        - Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, таңу түрлерін, таңғыштарды салу ережелері;

        - Үсікке, химиялық және термиялық күйікке алғашқы көмек көрсету әдістері.

        

Қорғалжын ауданы 15-ӨСБ