Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығы орынбасарының аудандық бөлімшелерге жұмыс сапары

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығы орынбасарының аудандық бөлімшелерге жұмыс сапары

2021 жылғы 18 қарашада Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Садуов Асылбек Теміртасұлы Зеренді және Сандықтау ауданының өрт сөндіру бөлімшелеріне жұмыс сапарымен барды.

Кеңес өткізу барысында қызметтік және еңбек тәртібінің жағдайына, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға, суицидтің алдын алуға, қызметтік және жеке автокөлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына негізгі назар аударылды.

Асылбек Теміртасұлы өз сөзінде әскери-қызметтік тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында, бөлімшелер басшылығы жеке құрамның қызметтік және еңбек тәртібін сақтау мәселелерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарымен және ҚР Заңдарын, азаматтық қорғау қызметкерлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік актілерді одан әрі зерделеумен ұдайы айналысуы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жеке құрамға Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде 2020 жылға, сондай-ақ 2021 жылдың өткен кезеңіне тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері және олардың себептері туралы, жіберілген қызметкерлермен қызметтік тәртіпті, заңдылықты және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы, оның ішінде жеке автокөлік құралын қызметте, сондай-ақ қызметтен тыс басқару кезінде тәртіптік және әкімшілік жазалардың статистикасы жеткізілді.

Бұдан әрі суицидтің алдын алу мақсатында Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бас құтқарушы-психологы Әсия Сейлханқызымен жеке құрам арасында «қазіргі қоғамдағы суицид», «суицидпен күресудің себептері мен тәсілдері» тақырыптарында іс-шара өткізді. Өз дәрісінде психолог өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің негізгі себептері адамның рухани тоқырауы болып табылатынын, оларға өмірдің маңыздылығын ысқылауды, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге қабілетті адамды сыртқы белгілері бойынша қалай тануға болатындығын түсіндірді.

Аталған іс-шара барысында жеке құраммен «стресстің алдын алу» тақырыбы бойынша тренингтік сабақ өткізілді, ол ұжымдағы жалпы эмоционалдық жағдайдың көңіл-күйін жақсартуға ықпал етеді. Іс-шара соңында психолог қызметкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Кеңес аяқталғаннан кейін, Асылбек Теміртасұлы Зеренді ауданының М.Ғабдуллин атындағы гимназия мектебі мен №1 Балкашин орта мектебіне барды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-профилактикалық жұмыс мақсатында азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшін әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда дұрыс шешім табуға қабілетті, жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар білікті офицерлерді дайындайды. Сондай-ақ, «азаматтық қорғау академиясы» имидждік бейнеролигін көрсете отырып, оқуға түсу, оқу шарттары және одан әрі перспективасы жеткізілді.

Оқушылар мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Қоғаммен байланыс тобы