Мектеп оқушыларына - өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы!

Мектеп оқушыларына - өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы!

2021 жылдың 16 қарашасында Аль-Фараби атындағы IT лицей мектебінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен 11 сынып оқушыларының кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне бос лауазымдарға орналасу және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясы түсу туралы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу болды.

Думан Дәулетұлы Искаков, Көкшетау қ. 2-МӨСБ аға инженері, мектеп оқушыларына жоғары оқү орнына түсу, қойылатын шарттары мен талаптарын, ондағы оқудың ерекшеліктері туралы түсіндіріп, мамандықтың өзектілігі мен азаматтық қорғаушыларға мемлекет беретін артықшылықтарды баса айтты.

Студенттерге азаматтық қорғау органының институтында оқудың мәртебесі мен шарттары, өрт сөндіруші және құтқарушы кәсібінің маңыздылығы туралы айтып берді.

Сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне өрт сөндіруші-құтқарушы, радиотелефоншы, жүргізуші-қызметкер және фельдшер ретінде жұмысқа орналасу туралы ережелер мен шарттарын, және құқық қорғау органдарына қызметке орналасыдың талаптары мен кезеңдерін өтуін толық  түсіндірді. 

Іс-шара барысында мектеп оқушыларына слайд көрсетіліп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау органдары мен азаматтық қорғау Академиясына қызметке кіру шарттары туралы брошюралар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізілед.

 

 

2-МӨСБ бастығының орынбасары

азаматтық қорғау капитаны

Т.М.Байздрахманов