Егіндікөл ауданы ТЖБ жаңа бастығы тағайындалды

Егіндікөл ауданы ТЖБ жаңа бастығы тағайындалды

Егіндікөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа бастығы болып азаматтық қорғау подполковнигі Нұргелді Әскерұлы Жақыпов тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов жеке құрамға жаңа бастықты таныстырды.
Бұған дейін Нұргелді Жақыпов Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқарманың жедел кезекшісі қызметін атқарған болатын.
Нұргелді Жақыпов 1974 жылы 12 қазанда дүниеге келген. 2008 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын Өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша бітірген.
Өзінің еңбек жолын құқық қорғау органдарында 1994 жылдан бастаған. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған болатын. Қызмет еткен жылдары өзін жағымды жағынан көрсетті.
Департамент бастығының орынбасары ТЖБ бастығының алдына алдағы кезеңге, атап айтқанда табиғи және техногендік сипаттағы түрлі ТЖ алдын алу және санын азайту бойынша нақты міндеттер қойды.


Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі