Ақмола облысында «Жылдамдыққа маневрлеуден үздік жүргізушіні» анықтады

Ақмола облысында «Жылдамдыққа маневрлеуден үздік жүргізушіні» анықтады

 «ОТАН» РПО автодромы аумағында Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің 25 жүргізушілер құрамы арасында «Жылдамдыққа маневрлеуден үздік жүргізуші» атағына байқау – конкурсы өткізілді.

Жарыс өрт сөндіру көлігі жүргізушілерінің жауынгерлік әзірлігі мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.

Жарыс 2 кезеңде өткізілді:

теориялық бөлігі - жол қозғалысы ережелерін, өрт сөндіру машиналары мен арнайы қондырғыларды білу;

практикалық бөлігі - нақты жұмыс жағдайларына мүмкіндігінше жақын жаттығулар жиынтығын орындау.

Жарыстың қатысушылары айыппұл ұпайларына жол бермеуге тырысып, жылдам уақытқа маневр жасау арқылы келесі жаттығулардың түрлерін жасады: «Бастау сызығы», «Туннель қақпасы», «Ойық», «Сегіздік», «Жылан алға және кері», «Артқы жағындағы кірме жол», «Эстафета жарысы», «Тоқтату сызығы».

Байқау – конкурсы нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын Көкшетауқаласының 2-МӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Бердыбек Нұрбаев ;

2 орын – Ерейментау қаласының 24-ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау  сержанты Сағыныш Билялов;

3 орын – Аршалы ауданының 16-ӨСБ жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау кіші сержанты Сергей Сергейчик;

 

Ақмола облысы  ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

Қоғаммен байланыс тобы