Ақмола облысында «газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» және «қауіпсіздіктің үздік бекеті» анықталды

Ақмола облысында «газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» және «қауіпсіздіктің үздік бекеті» анықталды

Көкшетау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында Ақмола облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері» бөлімшелерінің газ түтінінен қорғау қызметтері арасында «газ түтінінен қорғау қызметінің үздік буыны» және «қауіпсіздіктің үздік бекеті» атағына жыл сайын байқауы өтті.

Жарыс ашылғаннан кейін бас төреші, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Молдаханов команда қатысушыларын қарсы алып, оларға адал және ымырасыз күрес тіледі.

Газ-түтіннен қорғаушылардың 27 командасы жаттығулардың алты түрінен жарысты, оларды орындау жауынгерлерден зор күш-жігер, төзімділік, тамаша дене даярлығын талап етеді. Бірінші кезең 30 метр қашықтыққа еркін жүгіруден тұрды. Екінші кезең газ-түтіннен қорғаушының салмағы 32 кг болатын салмақты көтеруімен ерекшеленді, келесі жаттығу «жылу түтін камерасы» деп аталды, онда «зардап шегушіні» іздеп, оны таза ауаға шығару жүргізілді. Сонымен қатар, әр қатысушы құтқару арқанын құрылымға бекітті. Бұл төртінші кезеңнің шарты болды. Бесінші кезең оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне орнатылған жылжымалы баспалдақпен көтерілуді қамтыды. Соңғы алтыншы кезең - бұл 60 метр қашықтыққа жүгіру және ГТҚҚ буынымен өрістету.

Тартысты және табанды күрес нәтижесінде азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрболат Базарбаев бастаған Көкшетау қаласының 2-МӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны Раджан Шолақов, Әділ Ексанов және Абзал Бижанов бастаған құрамда Көкшетау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 2-орын алды. Степногорск қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 3 орынды иеленді.

Степняк қаласының №21 өрт сөндіру бөлімінің өкілі Алдан Сатыбаев газ-түтіннен қорғау қызметінің ең үздік қауіпсіздік бекеті деп аталды.

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Қоғаммен байланыс тобы