Атбасар қаласында тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігі

Атбасар қаласында тұрғын секторындағы өрт қауіпсіздігі

Ағымды жылдың 1 қыркүйегінен 1 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде Атбасар ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

         Іс-шара барысында үйлердің тұрғындарымен тұрмыста өрт қауіпсізідігін сақтау, улы газбен улану және қайғылы оқиғалардан сақтану үшін жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану бойынша жаднамалар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өткен кезең ішінде 138 үйді қамта отырып, 395 адам өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандырылды.

Сонымен қатар, тұрғын үйлерді аралау барысында халықтың қорғалмаған топтар үшін көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және жалғыз басты зейнеткерлердің отбасылардың үйлеріне 10 улы газ датчиктері орнатылды.

 

Атбасар қ. 4-МӨСБ аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Макушев Т.Д.