Қатты жел Изобильное ауылындағы тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып жіберді

Қатты жел Изобильное ауылындағы тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып жіберді

Кеше, 25.07.2021ж. құтқарушыларға Степногорск қаласы, Изобильное ауылы мекенжайы бойынша шамамен 18 сағат 15 минутта дауыл соғып, нәтижесінде Изобильное ауылында электр беру желілерінің тіректері, ағаштар зақымдалғаны, сондай-ақ тұрғын үйлердің шатырының бұзылу фактілері орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Шақыру орнына келгеннен кейін дауылды желдің салдарынан жылдамдығы 25-30 м/с, елді мекен ішінде 17 электр беру желілерінің тіректері құлады, бір үйдің шатыры толығымен және 29 тұрғын үйде ішінара бұзылды, сондай-ақ ауылдық клуб ғимаратында 20м алаңдағы шатыр бұзылды, бұдан басқа 100 м2 қазандық ғимаратында. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Изобильное ауылындағы электр беру желілерінің тіректерінің зақымдануы салдарынан 147 абонент электрмен жабдықталмаған. Оқиға орнында "Көкше-энерго" ЖШС авариялық бригадасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, Бестөбе кентінде 3 тұрғын үйдің шатыры бүлінген.
Залалды айқындау мақсатында, сондай-ақ өңірдегі салдарларды жою үшін жергілікті атқарушы органдар комиссия құрады.