Ақмолалық құтқарушылар еріктілерді оқытуды жалғастыруда

Ақмолалық құтқарушылар еріктілерді оқытуды жалғастыруда

2021 жылғы 21 шілдеде азаматтық қорғаныс Басқармасы Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен және Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілерге су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне оқыту жүргізді.
Оқыту шеңберінде білім алушыларға зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету Қағидалары және жүзудің бастапқы дағдылары түсіндірілді.
Шомылу маусымы – ең алаңдатарлық сәттердің бірі. Осыған байланысты, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қарапайым тәртіп ережелерін еске салады:
- жүзуді білмей, суға белден жоғары кірмеңіз;
- мас күйінде және көп тамақтанғаннан кейін шомылмаңыз.
Дененің алкогольдік қанығуымен өзін-өзі бақылау төмендейді, тыныс алу және жүрек қызметі тежеледі, ұйқышылдық пайда болады;
- таныс емес жерлерде шомылмаңыз.
Тексерілмеген су айдыны, терең шұңқырлар, күшті ағыс, лайлы түп –осының барлығы адам өліміне және жарақаттануға әкеліп соғуы мүмкін. Белгіленген жерлерде шомылу жақсы: жағажайларда сізге жазатайым оқиға кезінде кәсіби көмек көрсетіледі;
- өзін-өзі бақылау туралы ұмытпаңыз. Су қоймаларында таласып-тартысып жарыспаңыз;
- суық суда ұзақ тұрмаңыз. Су қоймасында ұзақ уақыт болу дененің гипотермиясына, өмірге қауіпті құрысуларға, тыныс алудың уақытша тоқтауына әкелетінін ұмытпаңыз. Сондықтан шомылудың ұзақтығы – 10-15 минут;
- түнгі уақытта шомылмаңыз: көріну нашарлайды, адам бағдарын оңай жоғалтады;
- өміріңізді ауа төсеніштеріне сеніп тапсырмаңыз: олар кез-келген уақытта түсіп, жарылып кетуі мүмкін.
- дауылды ауа райында немесе қатты соғатын жерлерде шомылуға болмайды;
- егер сіз құйынға түсіп кетсеңіз, алаңдамаңыз, көбірек ауа жинаңыз, суға түсіп, оны күрт бұруға тырысыңыз;
- ересек жолдастарыңызды көмекке шақырудан тартынбаңыз;
- жалған дабыл беруге болмайтынын естен шығармаңыз!