Асқар Қажкенов – тарихты жазған адам

Асқар Қажкенов – тарихты жазған адам

2021 жылғы 21 шілдеде Көкшетау қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Көкшетау қаласы 2-МӨСБ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Қажкенов Асқар Дүйсембайұлын зейнетке салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Асқар Дүйсембайұлы артында 29 жыл еңбек өтілі бар, оның 19 жылы азаматтық қорғау органдарында. Ардагер еңбек жолын Красный-Яр ауылында өрт сөндіруші-құтқарушы болып бастап, Зеренді, Еңбекшілдер ауданында және Көкшетау қаласында жалғастырды. 19 жыл ішінде Асқар Дүйсембайұлы өрт сөндірушіден бөлімше командиріне, қарауыл бастығына және бөлім бастығының орынбасарына дейінгі жолды жүріп өтті. Тәжірибелі офицер бола тұра, 2018 жылдың қаңтарында Асқар Дүйсембайұлы Көкшетау қаласы 2-МӨСБ бастығының орынбасары болып тағайындалады. Бұл бөлімнің ерекшелігі – бұл мүлдем жаңа бөлім болды және жұмысты басынан бастау керек болды. 7 айдың ішінде Асқар Дүйсембайұлы бөлімді жеке құраммен толық жинақтап, бөлімшеде жайлылық орнатты.
"Асқар Дүйсембайұлы, өз ісінің шебері, нағыз ер адам және офицер. Өзінің еңбек жолында ол көптеген өрт сөндіруші-құтқарушыларды тәрбиеледі. Асқар Дүйсембайұлына зейнетте бақыт пен мықты денсаулық тілеймін", – деді Ақмола облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.
Салтанатты жиында Асқар Дүйсембайұлымен сұхбат берілді, онда ол өзінің жастық шағы мен мансабы туралы айтып берді, содан кейін құрметті демалысқа шыққан соң Ақмола облысы ТЖД бөлім және "ӨСжАҚЖҚ" ММ басшылығы құттықтау сөздерін айтты. Іс-шара соңында Асқар Дүйсембайұлы алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.