Өрт сөндіру бөлімінде кішкентай қонақтар

Өрт сөндіру бөлімінде кішкентай қонақтар

         Жазғы маусым айының күнінде Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Атбасар қ. № 7 жалпы білім беретін мектебі жанындағы лагерінен кішкентай қонақтар келді. Өрт сөндіру бөлімінің аумағы көңілді балалар дауысына толды. Кішкентай қонақтар үшін өрт сөндіру техникасы мен өрт-техникалық жарақтарды таныстырумен экскурсия ұйымдастырылды. Оларға аға инженер азаматтық қорғау старшинасы Т.Д. Макушев нағыз экскурсия жүргізуші болды. Жауынгерлік өрт сөндіру машиналары балалардың үлкен қызығушылығын тудырды, олар өрт сөндірушілерге арналған кабинаға зор ықыласпен және қуанышпен мінді. Содан кейін балаларға өрт сөндірушілердің киімдерін киіп көруге рұқсат етілді. Осындай экскурсиядан барлық балалар риза және бақытты болды.

         Экскурсия барысында балалармен өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Тіпті оларға өрт кезінде не істеу керек деген сұрақ қойылып, онда олар «101» телефон нөмірі бойынша өрт сөндірушілерді шақыру керек деп сенімді түрде жауап берді.

         Экскурсия соңында балалардың жартысынан көбі өрт сөндіруші болуды шешті. Олардың кейбіреуіне өрт сөндіруші мамандығы бүкіл өмір ісіне айналуы мүмкін!

Т.Ысқақов,

Атбасар қ. 4-МӨСБ бастығы

азаматтық қорғау майоры