Ерейментау қ. теміржол көлігінде өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Ерейментау қ. теміржол көлігінде өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Ерейментау қ. 24-ӨСБ өрт сөндіру бөлімшелерімен және Ерейментау станциясында орналасқан ҰКП-10 өрт поезымен өзара іс-қимыл жүргізу шеңберінде, 2021 жылғы 23 маусымда теміржол көлігінде өрт сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты теміржол көлігінде өрт сөндіру жағдайында өрт сөндіру пойызының 24-ӨСБ және 10-ҰКП жеке құрамының дайындығы мен қабілетін арттыру болып табылады. Күштер мен құралдарды басқару жөніндегі жұмысты жетілдіру және үйлестіру. ТЖ жою үшін құрылған осы бөлімшелердің санын, құрамын, мақсатына сәйкестігін және іс-қимылға әзірлігін тексеру.

Оқу-жаттығуға 24-ӨСБ жеке құрамы 10 адам және екі техника бірлігі, сондай-ақ 10 адам санымен 10-ҰКП өрт сөндіру пойызының жеке құрамы жұмылдырылды.

Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша 24-ӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Братаев екі бөлімше жеке құрамының іс-әрекеттеріне оң баға берді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізілді.

 

Ерейментау қаласы 24-ӨСБ