Шағын – футбол бойынша жарыс

Шағын – футбол бойынша жарыс

2021 жылғы 20 маусымда Бурабай аудандық полиция бөлімінің спорт залында полковник Асанов Серік Босбергенұлын еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.

Турнирге футбол командалары, Щучье қ.жасағы, полиция бөлімі, Кадет корпусы ОСК, ОДО, сондай-ақ Бурабай ауданының әкімдігі қатысты. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде С.Асановтың отбасы, әріптестері және жақын достары қатысты.

Турнирге қатысушылар төзімділікті, топта үйлесімді жұмыс істей білу, бір-біріне қолдау көрсету, жалпы нәтижеге алаңдау, ең бастысы жеңіске деген ұмтылысты көрсете алды.

Щучье қаласы жасағы мен полиция бөлімінің командалары бірінші орын үшін күресті.

Бұл кездесуде Щучье қаласы жасағының қызметкерлері мықты болып шықты, олар қарсыластарын 6:1 есебімен жеңіп, турнир кубогін жеңіп алды.

 

                                                                                           Щучье қ. жасағы