Өмірді құтқару үшін, кәсіби дайындықты арттыру

Өмірді құтқару үшін, кәсіби дайындықты арттыру

Өртке қарсы қызмет қызметінің негізгі бағыттарының бірі тыныс алуға жарамсыз ортада ТЖ жою болып табылады. Газ - түтіннен қорғау қызметі қызметінің ерекше сипатына байланысты, өрт сөндірушілерді даярлау тыныс алуға жарамсыз ортада өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жедел ден қоюға және тиімді іс-қимылдарға әзірліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуді көздейді.

            Қысылтаяң жағдайларда өрт сөндірушілердің қауіпсіз еңбектеріндегі табыстылығы, өткізілетін сабақтарда дұрыс ұйымдастырылған практикалық дайындықпен айтарлықтай жоғарлатуыболып табылады. Сондықтан өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының дайындығы бастапқы дайындық кезінде де, одан әрі тактикалық-арнайы даярлық жүйесінде де ұйымдастырылады.

            Өртті сөндіру дайындығын және Степногорск қ. 3-МӨСБ басшы және жеке құрамының кәсіби шеберлік деңгейін арттыру мақсатында, 2021 жылы маусым айында кестеге сәйкес өрт жолағынан өту бойынша психологиялық дайындықтың арттыру үшін жаттығулар өткізілді.Аталған сабақтарда негізгі міндеттер жеке құрамның ерік-жігері мен моральдық-психологиялық қасиеттерін, нақты іс-қимылға жақын күрделі жағдайда ой елегінен ойлау қабілеті дамыту. ТОЖҚҚ жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға, ГТҚҚ буынын жабдықтауға ерекше көңіл бөлінді.

            Сабақ соңында әрбір кезекші ауысыммен жіберілген қателіктерге егжей-тегжейлі талдау жасалып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.

 

Степногорск қ.

3-МӨСБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Р.С. Ахетов