Құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салу

Құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салу

Бүгін, 01 мамыр 2021 жылы Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ–нің Көкшетау қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінде маяктары қосулы тұрған кездегі өрт сөндіру автомобильдері сиреналар дыбысының сүйемелдеуімен 19 жыл бойы сүйікті ісін атқарып келген радиотелефоншы Амрина Анара Бахманқызын құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.
Анара Бахманқызы жұмыс істеген барлық уақытта өзін жағымды жағынан көрсетіп, білікті және тиімді жұмысшы ретінде жастарға өз тәжіребиесімен бөлісті, бөлімше бастығының атынан алғыс хаттар мен көптеген марапаттарға ие болды.
«Анара Бахманқызы, біз Сізді ар-намыс пен парыздың иесі, жоғары санатты маман ретінде білеміз. Сіз гарнизонның жеке құрамы, өрт сөндіру және авариялық–құтқару бөлімдері арасында ғана емес, сізбен сөйлесуге келген барлық адамдар арасында да лайықты бедел мен құрметке ие боласыз, әрдайым адамдармен тез тіл таба аласыз. Біздің тараптан қандай да бір көмек қажет болса әрдайым көмек қолын созуға дайынбыз», – деді Көкшетау қаласы №11өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Руслан Алпысбаев.
Өрт сөндіру бөлімінде алғашқы күннен бастап Анара Бахманқызы радиотелефоншы болып қызмет етті. Жылдар өтсе де, мамандығын өзгерткен емес.
«Сіздермен бірге өткізген кездер әрдайым есімде. Жылы құттықтауларыңыз үшін рахмет. Әрдайым адамдарға көмек көмектесуге дайын, өз жұмысына адал, міндеттерін кәсіби деңгейде орындайтын тату команда болуларыңызды, кезекшілік аяқталысымен отбасыларыңа аман оралуларыңызды тілеймін», – деп іс-шара иесі де өз игі тілегін білдірді.


Көкшетау қ. 11-ӨСБ –нің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты
Секенов А.Е.