Щучье қаласындағы жасақтың №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні»

Щучье қаласындағы жасақтың №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні»

Щучье қаласы жасағының №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Жемчужина» білім беруді дамыту орталығының балалары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында балаларға өрт сөндіру депосы, бөлімнің байланыс пункті, демалу бөлмесі, ас ішу бөлмесі, жеңдерді жөндеу және газ түтіннен қорғау қызметінің базасы көрсетілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар балаларға өздерінің өрке қарсы киімдерін, жабдықтарын және өрт техникалық құрылғыларын көрсетті. Әр бала өрке қарсы киімдерін киіп көрді. Сонымен қатар балаларға есепте тұрған өрт сөндіру автокөліктері туралы, олар қалай жұмыс істейтіндігі және не үшін арналғандары туралы айтып берді. Балалар өрт сөндірушілерді қызығушылықпен тыңдады. Сонымен қатар «Дабыл бойынша киініп шығу», «екі оқпанмен су беру » нормативтері көрсетіді.

Аға инженер ауысымның жеке құрамның жұмыстарының басқаруы, сабақ өткізетіні, өрт сөндіру кезіндегі жұмысы, барлау жұмыстарын өткізетіні, ғимаратты сөндіруге және қорғауға оқпан беретіндері туралы және тыныс алуға мүмкін емес ортада аппараттарды киетіндері туралы айтып берді.

   Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы балаларға өз жұмысы туралы және хабарламаны қалай дұрыс қабылдап алу туралы айтып берді. Хабарлама түскен кезде, ол шұғыл турде оқиға орнына күштер мен құралдарды қалай жіберу керек екендігі туралы түсіндіріп айтты.

Балалар дабыл дыбысын естігеннен кейін, касканы киіп көргеннен кейін, өрт сөндіру автокөліктерінің кабинасында отырғаннан кейін жүздерінен күлкі кетпей өте риза болды. Білім беруді дамыту орталығының тәрбиешілері балаларға патриоттық тәрбие беретіндері туралы, әлеуметтік маңызды кәсіптерге оның ішінде өрт сөндіруші мамандығына бағытталған жұмыстарды жүргізетіндері туралы айтты.

Барлығы 27 адам қамтылды, оның ішінде 23 бала және 4 тәрбиеші.

 

Щучье қаласындағы жасақтың № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Сарвин Станислав Игоревич