Көкшетау қаласындағы «№4 корпустың Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің» оқу орнының ғимаратындағы жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Көкшетау қаласындағы «№4 корпустың Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің» оқу орнының ғимаратындағы жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары

Көкшетау қаласында адамдар көп жиналатын нысандарда өрт сөндіру дағдыларын жетілдіру мақсатында, №4 корпустың Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша шартты өрт екінші қабатта орналасқан кабинетте пайда болды. Өрт еденге тез тарады, қатты түтіннің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Нысан әкімшілігі шартты өрт туралы «101» телефоны бойынша хабарлайды.

Адамдар көп жиналатын нысандарда пайда болатын өрттерге өрт сөндірушілер жоғары шақыру дәрежесі бойынша жауап береді. Сонымен қатар, оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, медицина және апаттар орталығының, жедел медициналық жәрдемнің, қалалық электр желісі авариялық қызметінің жедел топтары жіберілді. Өрт сөндіру басшысы нысан әкімшілігімен байланыс орнатып, барлауды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті деректерді алды. Нысанда қосалқы және әкімшілік үй-жайлар жағынан бірнеше бағытта барлау ұйымдастырылды.

Өрт сөндірушілер жауынгерлік қанат жаюды жүргізе отырып, жеңқұбыр желісін салып, оқпандарды өрт сөндіруге, сондай-ақ аралас үй-жайларды қорғауға берді. Оқиға орнында құрылған жедел штаб шартты өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілердің әрекеттерін үйлестірді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ күштері мен құралдарынан 3 бірлік негізгі техника мен арнайы техникада29 адам, сондай-ақ «Апаттар медицина орталығы» ММ 1 бірлік техникада 3 адам және 2 жедел медициналық жәрдемде 6 адам жұмылдырылды.      

Көкшетау қ. 10-ӨСБ