Құрметті демалысқа шығарып салу

Құрметті демалысқа шығарып салу

 

Макинск қаласы 8-МӨСБ мәжіліс залында өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізу жөніндегі аға нұсқаушысы азаматтық қорғау старшинасы Харченко Сергей Александровичты құрметті демалысқа салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.  

Бұл қызметкер әскерилендірілген өрт күзетінің негізін қалады, өзінің қызметін өткен ғасырдың 1998 жылынан бастап, 20 жылдан астам өмірін отпен күресу ісіне арнады. Қызмет еткен жылдары Сергей Александрович өзін өз ісін жақсы білетін сауатты және тәжірибелі қызметкер ретінде көрсете білді.

Макинск қаласы 8-МӨСБ жеке құрамы Сергей Александровичке зейнеткерлікте ұзақ өмір тіледі және бөлім атынан естелік сыйлық табыс етті. Өз кезегінде Сергей Александрович ұжымға көңіл бөлгені үшін үлкен алғысын білдіріп, өмір бойы есте қалған адамдарды құтқару тарихын айтып берді.

 

Макинск қ. 8-МӨСБ

бастығының орынбасары

азаматтық қорғау подполковнигі         Қ. Жаныбаев