Азаматтық қорғау жоғарғы көпсалалы колледж оқушылары үшін Көкшетау қаласының 1- МӨСБ «Экскурсия»

Азаматтық қорғау жоғарғы көпсалалы колледж оқушылары үшін Көкшетау қаласының 1- МӨСБ «Экскурсия»

2021 жылғы 06 сәуірде Көкшетау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Көкшетау қаласының азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің оқушыларына арналған өрт - техникалық көрмесінің көрсетілімімен «экскурсия» өткізілді. Жасөспірімдер азаматтық қорғау майоры бөлім бастығы Айдын Қаракоржынұлы Жоламановты қызығушылықпен тыңдады, ол болашақ мамандығы туралы, колледж қабырғасында алатын теориялық білімнің маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Әңгімелесу барысында қаладағы ірі өрттерді сөндіруге, сондай-ақ бөлімше өрт сөндірушілерінің тұрмысы мен қызметі туралы мысалдар келтірді. Кезекші ауысымның аға инженері бөлім қарулануындағы өрт және арнайы техниканың мүмкіндіктері мен тактикалық - техникалық сипаттамалары туралы айтып берді, содан кейін өрт - техникалық көрме залында қонақтарды облыстың Өртке қарсы қызметінің тарихымен және дәстүрлерімен таныстырды, өрт болған жерлерден экспонаттарды көрсетті. Әрі қарай экскурсия бөлменің бөлігін көрсетумен жалғасты. Экскурсияны өткізу барысында ҚР ТЖМ КТИ оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейін өрт сөндіру бөліміне түрлі лауазымдарға жұмысқа шақырылды.

 

                                   Көкшетау қ. 1-МӨСБ  бастығының орынбасары

                                                   азаматтық қорғау капитаны  

У.Бейсембаев