Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер!

Өрт сөндіру автокөлігіне жол бер!

Ауа райының тұрақсыздығына байланысты өртке және әртүрлі сипаттағы шығулар жиеленіп кетті. Өрт сөндірушілердің дер кезінде келуі өрт сөндіру автокөлігінің жұргізушілерінің кәсібилігінде ғана емес, қозғалыстың барлық қатысушыларының мәденитетілігіне де байланысты.

Көкшетау қаласының 1- МӨСБ-нің ауысым кезекшісі, Көкшетау қаласының полиция басқармасы Жол полициясы батальонының қызметкерлерімен бірлесіп өрт сөндіру техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша рейд жүргізілді. Өткізілген рейд нәтижесінде үш жүргізуші әкімшмлік жазаға тартылды, сондай-ақ бірнеше жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Құрметті жүргізушілер сіздерден өрт сөндіру автокөліктеріне жол берулеріңізді сұраймыз, бұдан көмекке мұқтаж адамдардың өміріне байланысты болу мүмкін.

Көкшетау қ. 1- МӨСБ бастығының орынбасары      азаматтық қоріғау аға лейтенанты Жақсыбаев Н.Б.