«Дәрмен ТЖ» қосымшасы

«Дәрмен ТЖ» қосымшасы

Көбінесе ауа-райының нашарлануымен тұрғындар  101 және 112 жедел қызмет көрсету телефон нөмірлеріне  ұмтыла және үздіксіз қоңырау шалып: жабылған жолдар, мектептердегі сабақтарды тоқтату, пойыздар мен ұшақтардың рейстері және т.б. туралы ақпарат сұрай бастайды. Осылайша, өрт, авариялық–құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу сияқты жедел әрекеті талап ететін төтенше жағдайларды қабылдайтын және өңдейтін қызметкерлер өздерінің қымбат уақыттарын жоғалта бастайды, бұл құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуіне және жауынгерлік дайындығына тікелей әсер етеді, өйткені адамның өміріне байланысты көмек көрсетудің әрбір секундасы оларға маңызды.

         Шұғыл қызметтердің - 101, -112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды жеңілдету, өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарға жедел елеулену, сондай-ақ, халықты қорғау және  төтенше жағдайлар, ауа райының ықтимал қатерлері туралы уақтылы хабарлау мақсатында "Дәрмен ТЖ" қосымшасы әзірленді. Бұл қосымшада келесі ақпаратты білуге болады, олар:

- дауылдар туралы ескертулер;

- автожолдардың жабылуы және ашылуы туралы хабарландыру;

- оқу орындарында сабақтарды тоқтату туралы хабарландыру;

- ТЖ кезіндегі сақтық шаралары;

- автобустардың, пойыздардың және ұшақтардың келу және кету уақыты.

         Бұл қосымшаны Play Market-тен интернет ресурсқа шығатын ұялы телефонға тегін жүктеп алуға болады.

         Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері тұрғын үй секторын аралау кезеңінде "Дәрмен ТЖ" мобильдік қосымшасын тарату бойынша үгіт іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Осы іс-шараларға Көкшетау қ. 2-МӨСБ қызметкерлері белсенді қатысуда. Көкшетау қ. 2-МӨСБ жеке құрамы қала тұрғындарынан осы мобильді қосымшаны өздерінің ұялы телефондарына орнатуды және сол арқылы өзінің жақындары мен туыстарын ауа райының күтпеген жағдайларынан сақ болу мақсатында орнатуын сұрайды!

         Барлығыны ескерту! - ауа-райының нашарлауы төтенше жағдайлардың пайда болу санының өсуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.!!!

 

Көкшетау қ. 2-МӨСБ