Өрт сөндірушілерді қалай дұрыс шақыру керек?

Өрт сөндірушілерді қалай дұрыс шақыру керек?

Кез келген өрт әрқашан да апат әкелмек. Осы жағдайда сабырмен және ақылмен әрекет етсек қауіп-қатердің алдын алу оңайырақ болады.  Өрт болған жағдайда дереу телефонмен немесе ұялы телефонмен өрт сөндіру қызметіне «112/101» хабарлаңыз. Бірақ бәрі қоңырау шалып хабарлау керек екендігін біле тұра, үрейленіп, көптеген адамдар осы жайды ұмытып кетеді. Бұған адамдардың көз алдында күтпеген жерден шыққан үлкен дәрежедегі өрттің болуы басты себеп болып табылады.

Көптеген адамдар өрттің болуына байланысты жағдайларда қатты қобалжығандықтан,  кейде өздерінің мекен-жайларын, телефон нөмірлерін, тіпті аты-жөндерін де ұмытып жатады. Осындай жағдайлар орын алмас үшін,  өрт шыққанда не істеу керек жайлы барлық негізгі ақпараттар көзге көрініп тұратын жерде ілулі тұруы және өрт сөндірушілердің нөмірі телефон аппаратына бекітілген болуы қажет. Оның үстіне бұл жағдайлар әсіресе, үйде кішкентай балалар мен қарт адамдар тұрса маңызды болмақ.

Есіңізде болсын, өрт кезінде кез келген минут, тіпті секунд өте маңызды, сондықтан ешқандай дүрбелең жоқ болуы тиіс.

Және Сіз бірден  қауіпсіз жерде екендігіңізді сезінген соң , бірден өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет.

Диспетчермен сөйлескен кезде мыналарды  хабарлау қажет:

 Өрт болған немесе жанып жатқан жердің мекен-жайы;

Жанып жатқан жерді дұрыс айту: тұрғын үй төбесі, қойма немесе офистік үй-жай, ЖЖМ және т. б.;

Жанып жатқан жерді анықтау: үй төбесі, тұрмыстық аспап,  газ желісі және т.б.;

Айтуға қажетті нақтылайтын тұстар, атап айтқанда, қандай қабатында өрт шықты және ғимараттың жалпы неше қабаттан тұратындығын, подъезд нөмірін, бұл өрт сөндірушілерге өртті сөндіру үшін қай ғимаратқа, қай қабатқа жақындау үшін және де басқа жағдайлар үшін қажет.

Міндетті түрде өзіңіздің аты-жөніңізді, сондай-ақ телефон нөміріңізді айту қажет.

Сөйлескен кезде асықпай, бірақ жеткілікті, анық айту керек. Бірден хабар бергеннен кейін, сіз айтқан мекен-жайға өрт сөндіру машинасы бірден шығады, жәнесізхабарланған барлық қосымша мәліметтер рация бойынша өрт сөндірушілерге хабарланады.

Оператормен сөйлесіп болған соң үйден шығып, үйдің жанында өрт сөндірушілерді күту керек. Оларға жанып жатқан нысандағы өрттің алдын алудың ең жеңіл жолын көрсетуіңіз қажет.

 

Щучье қ. жасақ 7-МӨСБ