«30 игі іс» акциясы

«30 игі іс» акциясы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы шеңберінде, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ ,Шучье қ. жасағы 5- мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің №3 кезекшілік ауысымының жеке құрамы, Бурабай ауданы, Щучье қ., Коммунистическая 86 «А» мекен-жайы бойынша тұратын жалғыз басты зейнеткер Койшыбаева Зайраш Каирбековнаның тұрғын үйі аумағындағы қарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізді.

         Тұрғындармен өрт қауіпсідігі мәселелері бойынша тұрғындармен бағдар жүргізу барысында бөлімшенің жеке құрамы Қойшыбаева З.К қар басқан үйін анықтады, өзінің жасына байланысты өзінің үй аумағын көп мөлшерде жауған қалың қардан сапалы тазарта алмаған. Осыдан кейін бөлімнің жеке құрамы Щучье қаласының тұрғынына көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Азаматтық қорғау аға инженері Ж.Ж Араповтың бастаған №3 кезекшілік ауысымның жеке құрамы қажетті құралдарды алып, тұрғын үйдің аумағын толығымен қардан тазартты. Жұмыс аяқталғаннан кейін үй иесі қызметкерлерге шексіз алғысын айтып, біздің жеңіл емес жұмысымызға сәттілік тіледі.

 

                  

         Щучье қ. жасағы  

         5-МӨСБ бастығының м.а

         азаматтық қорғау аға лейтенанты                 Мукатов Д.К.