«Өртсөндірушілергежол беру» рейді

«Өртсөндірушілергежол беру» рейді

Қалалық шу арасында өрт сөндіру машинасының арнайы дыбыс сигналы қайғы болғанын білдіреді. Өкінішке орай, барлық жүргізушілер арнайы автокөліктің шақыруы бойынша асығып бара жатқанында жол беру өз борышы деп санамайды. Ал өрт кезінде әр секунд есепке алынады. Жолда аздаған кідіріс жанып жатқан ғимаратта қалған адамдардың өліміне алып келуі мүмкін. "Шұғыл қызметтік тапсырманы орындай отырып, көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі және арнайы дыбыс сигналы қосылған көлік құралдарының жүргізушілері қозғалыстың басқа қатысушыларының алдында басымдыққа ие болады", "Көлік құралы көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі және арнайы дыбыс сигналы қосылған кезде жүргізушілер аталған көлік құралының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті".

Жүргізушілердің назарын жол жүру және өрт сөндіру техникасының жүру ережелеріне аударамыз:

-Аталған арнайы құрылғылары бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер КҚ кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті.

-Аталған көлік құралын басып озуға тыйым салынады.

- Көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі қосылған көлік құралына жақындай отырып, жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтау мүмкіндігі болуы үшін жылдамдықты төмендетуі тиіс.

Степногорск қ. 3-МӨСБ қызметкерлері Степногорск қ. патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып Степногорск қ. көшелерінде өрт сөндіру автокөліктерінің өрт орнына, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға жүруі кезінде кедергісіз жүруді қамтамасыз ету мақсатында рейд өткізілді. Өрт сөндіру техника қозғалысының жылдамдығына шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың өмірі байланысты.

 

Степногорск қ.

3-МӨСБ аға инженері

азаматтық қоғау майоры

Р.А. Тимеев