Назар аударыңыз: улы газ қауіпті!

Назар аударыңыз: улы газ қауіпті!

Пешпен жылыту кезеңi басталғаннан берi пештi пайдалану ережелерiн бұзғандығынан болған улы газымен улану оқиғалары жиiлеп кеттi.

Олардың басым көпшiлiгiнде улы газбен улануға үй жылытатын пештi салу және пайдалану талаптарына мән бермей, өрт қауiпсiздiк ережелерiн бұзатын үй иелерi күнәлi болуда, ал ата-аналарының салғырттығынан балалар зардап шегуде.

Егер пештi дұрыс пайдаланып және оның дұрыс жұмыс iстеуiне көңiл аударып отырса, отынның жану кезiнде пайда болатын иiс газының мөлшерi соншалықты қауiп төндiрмейдi. Сақтық — иiс газымен уланудың алдын алу кепiлi.

Төбесi жабылған және iшiндегi отыны жанбай қалған пеш иiс газының пайда болу көзi және байқаусыз уландырғыш болып табылады. Отын түгелдей жанып кеттi деп ойлап, үй иелерi жылуды сақтап қалу үшiн түтiндiктiң жолын жауып тастайды. Бықсып жанып жатқан көмiр ауа жетпегендiктен иiс газын түзiп, ол пеш құрылғысының саңлаулары арқылы бөлмеге таралады.

Түтiндiктiң тартымы және ауаның келiп түсуi нашар болған жағдайда да отынның жанбай қалып, соның салдарынан улы газ түзiлiп, оның жиналуына әкелiп соқтырады. Түтiндiктi күтiп ұстау сондай жалықтыратындай жұмыс емес — тек 1 жылда 2 рет пешпен жылыту кезеңiнiң алдында және одан кейiн пештiң тартымын, кiрпiш қалауларының немесе модульдарының қиысқан жерлерiнде саңлаулардың жоқтығын тексерiп, қажеттi кезде пештiң iшкi беттерiн күйеден тазарту жеткiлiктi. Пеш пен түтiндiктiң қосылған жерiн бақылауға аса көңiл аударыңыз.

Көп қолданбай тұрған пешке от жағар алдында түтiндiк жолының бiтеуiшiн ашып, мұржа арқылы қарап, түтiндiктiң күйемен, жапырақтармен толып қалмағанына және құс ұяларының болмауына (осындай жағдайлар да болады) көз жеткiзу қажет.

Ал де егер ақаулық тапсаңыз — оны бүгiн жойыңыз, себебi ертең кеш болуы мүмкiн.

 

                                                                                Ақкөл қ. 26-ӨСБ ӨСБ

                                                             бастығы орыебасары

                                                                            азаматтық қорғау подполковнигі

                                                                                                   В.Голев