Степногорск қ. онлайн режимінде үгіт-насихат жұмыстары.

Степногорск қ. онлайн режимінде үгіт-насихат жұмыстары.

Степногорск қ. ТЖБ бірлесіп, Степногорск қ.    № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Степногорск қ.  тәлімгерлерімен онлайн конференциясы ҚР ТЖМ КТИ күндізгі оқуға оқушыларды тарту бойынша үгіт – насихаттау шаралары өкізілді.

         Онлайн конференция барысында оқушыларға казармалық жағдайдың өмірі, ғылыми үйірмелер, спорттық секциялар, арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізу және институттың жетістіктері туралы толықтай тусіндіру өткізілді. Балаларға азаматтық қорғау офицерінің ержүрек және асыл кәсібі, өрт сөндіруші-құтқарушы болу жолдары туралы айтылды. Оқушыларға Қазақстан Республикасында ТЖМ Көкшетау техникалық институты - азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысатын жалғыз жоғары оқу орны екенін жеткізді.

         Сондай-ақ азаматтық қорғау қызметкерлері оқушыларға ҚР ТЖМ КТИ түсу шарттары, институттың Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы ТЖМ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы және осы оқу орындарында оқуды жалғастыру мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлерін айтып берді. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Үгіт-насихат жұмыстары 31 адамды қамти отыра өткізілді.

         Онлайн конференция соңында оқушылар мен студенттерге оқуға түсу туралы байланыс телефондары таратылды.

 

 

Степногорск қ. ТЖБ және Степногорск қ. 3-МӨСБ