«GREEN Which» бизнес орталығындағы шартты өрт сәтті жойылды

«GREEN Which» бизнес орталығындағы шартты өрт сәтті жойылды

2021 жылғы 21 ақпанда «GREEN Which» бизнес орталығында Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қалалық бөлімшелерінің құтқарушылары электр қалқанының үй-жайында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Бұл нысан адамдардың жаппай болу нысаны болып табылады.

Оқу-жаттығудың мақсаты:

1.өрт сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет гарнизоны жеке құрамының дағдыларын жетілдіру.

  1. өртке қарсы қызмет гарнизонының Көкшетау қаласының авариялық және шұғыл қызметтерімен, сондай-ақ нысанның жұмыс персоналымен өзара іс-қимылын пысықтау.

3.жеке құрамның жануды жою, адамдарды құтқару, эвакуациялау және ТМҚ кезінде күштер мен құралдарды өрістету, ТОЖҚҚ-ға қосу тәсілдерін пысықтау.

Аңыз бойынша, шартты өрт электр желілерінің шамадан тыс жүктелуінен туындаған, бизнес орталығының 4-қабатындағы электр қалқанының үй-жайында қысқа тұйықталу орын алып, кейіннен көп желілі электр кабельдері жанған.

Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға диспетчері шығу кестесіне сәйкес, Көкшетау қаласының өрт сөндіруші - құтқарушыларының жауынгерлік есептоптарын шартты өрт орнына жіберді.

Келген кезде, өрттегі жағдай келесідей болды: өрт жанатын материалдарға таралады. Өрт нәтижесінде қабатта және баспалдақтарда қатты түтін пайда болды. Адамдардың өміріне қауіп төнді және оттың аралас үй-жайлар мен жоғары орналасқан қабаттарға өту қаупі төнді.

Шартты өртті сөндіру барысында, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы ГТҚҚ буындарының құрамында бизнес орталығы мен «Халық Банк» филиалы ғимаратының 4 және 5 қабаттарында қалған түтінді үй-жайдан өз бетінше шыға алмаған және жедел медициналық көмек қызметкерлеріне берілген 2 адамды құтқарды.

Шартты өртті жоюға барлығы 12 бірлік техника мен жеке құрамның 47 адамы жұмылдырылды, олар әкімшілік ғимарат нысанында өртпен күресте өздерінің кәсіби дағдыларын шебер көрсетті.

 

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Жұртшылықпен байланыс тобы