Жол қозғалысы ережелерін сақтау

Жол қозғалысы ережелерін сақтау

2021 жылғы 18 ақпанда Көкшетау қаласы 1-МӨСБ жеке құрамымен патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Ж. Кенжебековтың қатысуымен жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыста екі негізгі мәселе талқыланды:

  1. Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары бойынша түсіндіру жұмыстары.
  2. Қызмет өткеру кезеңінде және ауысымнан тыс кезде мас күйінде қызметтік және жеке автокөлікті басқаруға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға тыйым салу туралы нұсқама.

Жиналыс барысында патрульдік полиция батальоны взводының командирі полиция аға лейтенанты Кенжебеков Н.Ж. «жол қозғалысы ережелерін сақтау» тақырыбында дәріс оқыды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары бойынша түсіндіру әңгімесін өткізді.

Сондай-ақ Көкшетау қаласы 1-МӨСБ бастығы азаматтық қорғау майоры А.Қ. Жоламанов жеке құрамға жол жүру ережелерін сақтау туралы, сондай-ақ кезекшілікке түсер алдында, қызметтік және жеке автокөлік құралын басқару кезінде спирттік ішімдіктерді пайдалануға қатаң тыйым салу туралы қосымша нұсқау берді.

 

Көкшетау қаласы 1-МӨСБ