Су тасқынына дайындық ӨСБ №17 Балкашино а.

Су тасқынына дайындық ӨСБ №17 Балкашино а.

 Балкашино ауылы №17 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, көктемгі кезеңдегі болуы мүмкін ықтимал төтенше жағдайларды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігіне қосымша тексеру жүргізілді.

Қосымша шанц құралдарымен, өрт техникасының сүйреткіш құрылғыларымен жасақталуына, жабдықтың дайындығы, ӨТҚ және 9 данадан тұратын тұтас су өткізбейтін комбинезондарға тексеру жүргізілді. Жеке құраммен авариялық-құтқару және авариялық-құтқару жағдайында су айдайтын құрал-жабдықтарды пайдалану ережелері туралы практикалық сабақ өткізілді. Бөлімше басшылығы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық өткізіп, 17-ӨСБ жеке құрамының су тасқыны салдарын жою үшін жабдықтар мен техниканы дайындау бойынша адал жұмысын бағалады.

Балкашино а.17-ӨСБ - де 6 бірлік мотопомпа (балшық) бар. Балкашино а. 17-ӨСБ қару-жарағында бар мотопомпалармен техникалық тексеру жүргізілді, барлық мотопомпалар жарамды күйде.

 

 

 

Сандықтау ауданының

17-ӨСБ қарауыл бастығы

азаматтық қорғау лейтенанты

А.Х.Қожагелді