Еңбектен – Зейнетке

Еңбектен – Зейнетке

Халықтың дүние-мүлкімен құнды заттарын аман сақтауда, өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда халыққа көмек көрсету үлкен жауапты іс екені белгілі. Осындай қызметте Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылының 15-ӨСБ-нде бірнеше жыл адал қызмет атқарған азаматтық қорғау старшинасы Жамбылов Абылай Амангелдіұлын, азаматтық қорғау старишнасы Жгун Виталий Васильевичті, азаматтық қорғау сержанты Қылышбаев Амантай Сайлаубекұлын әріптестері құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды. 

Қорғалжын ауданының 15 – ӨСБ-нің бастығы азаматтық қорғау майоры І.Ғ. Әубәкіров  әріптестеріне өңірдің өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының ұжымында көп жылғы мінсіз қызметі үшін алғыс сөздер және кішігірім сыйлық ұсынып ұжыммен бірге естелік суретке түсті. Жаңа өмірлік кезеңде табыс тілеп, оларды өз ұжымын ұмытпауға, ардагерлер ұйымы өткізетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Әріптестер өз құттықтауларында зейнетке шығарып салып жатқан азаматтардың кәсібилігін, тапсырылған жұмысқа жауапты көзқарастарын, ұйымдастырушылық қабілеттерін, өмірге деген сүйіспеншілігі мен оптимизмін атап өтті. Бірлескен қызмет жылдарын еске алды.
Өз кезегінде, зейнеткерлер барлық әріптестеріне алғысын білдіріп, оларға қызметте табыс тілей отыра, зейнеткерлік жасқа дейін жетіп,  дәл осылай құрметті демалысқа шығуды тіледі.

                                            

                                                                                               Қорғалжын ауданы

                                                                            Қорғалжын ауылының 15-ӨСБ-нің

                                                                            қарауыл бастығы азаматтық қорғау

                                                                            аға лейтенанты Е.А.Мұстафа