Красный Яр ауылындағы агротехникалық колледж ғимаратындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

Красный Яр ауылындағы агротехникалық колледж ғимаратындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар

2021 жылғы 17 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Красный Яр агротехникалық колледжінің ғимаратында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерімен бірінші қабаттағы қаржы бөлімінің кабинетінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Бұл нысан адамдар көп жиналатын нысан болып табылады.

Оқу-жаттығудың мақсаты: білім беру нысандарында адамдар жаппай болатын нысандарда өрттерді сөндіру кезінде жеке құрамның дағдыларын жетілдіру, өртке қарсы қызмет гарнизонының колледж қызметтерімен және персоналымен өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша шартты өрт жылу зеңбірегінің қысқа тұйықталуы салдарынан туындаған.

Өрт нәтижесінде едендер мен баспалдақтарда қатты түтін пайда болды. Өрт дабылының түтіндіктері іске қосылды. Өрттің іргелес бөлмелерге өту қаупі туындады.

Шартты өрт болған жерге №3 ранг бойынша шығу кестесіне сәйкес, жауынгерлік есептер жіберілді, Ақмола облысы Полиция басқармасының 1 бірлігі, жедел медициналық жәрдемнің 1 каретасы және Апаттар медицинасы орталығының реанемобилі.

Зеренді ауданы Садовое ауылы 14-ӨСБ 29-ӨСБ 1-ші бөлімшесінің өрт орнына келген сәтте жағдай мынадай болды: орталық кіреберістен қалың түтін шығады, терезе ойықтарында жалын тілдері көрінеді, қаржы бөлімінің кабинеті жанып жатыр, шектес үй-жайларға оттың таралу қаупі бар. Күзетші бастапқыда өртті сөндірудің алғашқы құралдарының көмегімен өртті сөндіруге кірісті, бірақ қатты түтіннің салдарынан өртті өз бетінше жоя алмады.

Шартты өртті сөндіру барысында Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы 3 адамды құтқарып, жедел медициналық жәрдем каретасына және Апаттар медицинасы орталығына берді, жеке құрам 97 адамнан тұратын студенттер мен оқытушыларды эвакуациялауды ұйымдастырды. Шартты өртті жоюға барлығы 11 бірлік техника және өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық көмек, Апаттар медицина орталығы және полиция басқармасы жеке құрамының 50 адамы жұмылдырылды, олар адамдар көп жиналатын нысандарда өртпен күресте өздерінің кәсіби дағдыларын шебер көрсетті.

Сондай-ақ, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.Қ.Молдахановпен ауа таусылған және өрт орнынан эвакуациялау жолдары бұғатталған өртте жұмыс істеген газ-түтіннен қорғаушыларды іздеу және құтқару жөніндегі ұйым мақсатында, қосымша кіріспе берілді. Жеке құраммен кіріспе толық көлемде пысықталды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін облыстың ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Қ.Тасов оқу-жаттығуды қорытындылап, одан әрі кәсіби деңгейін арттыруды жалғастыру жөнінде ұсынымдар берді.

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Жұртшылықпен байланыс тобы