Кеңес өткізілді !!!

Кеңес өткізілді !!!

  13.01.2021 жылы сағат 15.00-де Щучинск қ.жасағының 7 – МӨСБ акт залында Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Қуанышпайұлы Бабаев карантиндік іс-шараларды сақтай отырып, бірнеше мәселелер бойынша кеңес өткізді, атап айтқанда: "Бурабай ауданында қызметтік әскери тәртіпті сақтау", "бөлімшелерде карантиндік іс-шараларды сақтау", "есепке алу-тіркеу тәртібі", "2020-2021 жылғы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторында үгіт-профилактикалық жұмыстарды жүргізу".

          Кеңеске Щучинск қ.жасағының басшылығы, өрт сөндіру бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары, Щучинск қ. жасағының ӨСБ диспетчерлік құрамы қатысты.

         Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бабаев Қанат Қуанышбайұлы сөз сөйледі, деп толықтырды Бурабай ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Құсайынов Ерлан Жамбылұлы. Барлық қойылған міндеттер орындалу мерзімі көрсетіле отырып, кеңесті өткізу хаттамасында көрсетілген.


Бурабай ауданының ТЖБ

бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі                                                                  А. Айдрахманов