Құрметті демалысқа салтанатты шығарып салу

Құрметті демалысқа салтанатты шығарып салу

Бүгін, 22 желтоқсанда Ақмола облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің Көкшетау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автомобильдері сиреналарының дыбысына және маяктары қосылып тұрған кезде салтанатты және аздап мұңды оқиға болды – сүйікті жұмысына 25 жыл берген Өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы Қайыргелді Оқешұлы Қойшыбековты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті.

Қайыргелді Оқешұлы өз қызметін 1993 жылы Көкшетау қаласының №1 ӨСБ бастады. Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Көкшетау қ. №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып жұмыс істеді, содан кейін Ақмола облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне ауысты. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Ақмола облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің Көкшетау қаласының 2-МӨСБ өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу бойынша аға нұсқаушысы болып ауыстырылды.

Салтанатты сап түзеуден кейін өртке қарсы қызмет ардагеріне құрмет көрсету үшін дәстүрлі "салт" өткізілді: өрт сөндіру техникасының жүргізушісі сирена дыбысымен және әріптестерінің қошеметіне бөленді.

Қайыргелді Окешұлы жұмыс істеген уақытында жастармен тәжірибе алмасып, өзін сауатты және атқарушы қызметкер ретінде көрсете білді. Қайыргелді Оқешұлының басшылықтан алған марапаттары мен алғыстары аз емес.

«Бұрынғы өрт сөндірушілер жоқ! Бұл адам ең жақсы жылдарын өрт сөндіру қызметіне арнады. Өзіне жүктелген міндеттерді беделмен және абыроймен орындады, әрқашан жас қызметкерлерге үлгі болды. Біз сізді бөлімшеде көруге әрқашан қуаныштымыз, біз туралы ұмытпаңыз», — деді Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Мырзалинұлы.

Өз кезегінде Қайыргелді Оқешұлы алғыс сөздерін айтты. "Біздің қызметімізде мен көп уақыт жұмыс істедім, бірақ жастарға жол беретін кез келді, Мен осындай ұжымда жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Мен сіздермен өткізген уақытымды еске аламын, жылы құттықтаулар мен ыстық лебіздеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге әрқашан адамдарға көмектесуге, жұмысты сүюге, міндеттерді кәсіби орындауға және тәуліктен кейін аман — есен қайтуға дайын біртұтас және тату ұжым болуларыңызды тілеймін", - деп Қайыргелді Окешұлы әріптестеріне өз тілегін білдірді.

 

 

Көкшетау қаласы 2-МӨСБ                                                 А.Д.Кажкенов

бастығының орынбасары

азаматтық қорғау капитаны