
Қыс біздің өңірде әрқашан өз көп қарымен және қаталығымен ерекшеленеді. Жақсы ауданы транзиттік аймақ болғандықтан, адамдардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін сақтау мәселесі басты орында қарастырылады.
Жол жүріп бара жатқан жолаушы, өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді естен шығармауы тиіс: жылы киім, құрғақ азық үлесі, газ жанарғысы, күрек, жеткілікті мөлшерде жанармай алып, қосымша бір канистрасын өзімен ала жүргені жөн.
Қысқы мерзімде қауіпсіздік сақтау, кездейсоқ жағдайлардан аман қалуды қамтамасыз ету үшін, мобильді операторлар боран-шашын, қатты жел, күртік қар, басқа да табиғат өзгерістері туралы SMS -хабарлама арқылы алдын-ала ескертіп отырады. Сондықтан, келген SMS -хабарламаларға мән беріп, ауа райы болжамын байқау керек.
Дауылды алдын ала ескерту туралы SMS - хабарлама алсаңыз, алыс жолға шығудан сақ болуға тырысыңыз.
Қатты боран-шашын сізді жол үстінде қапыда басып қалса, ауа райы қалпына келгенше жақын жерде орналасқан елді мекенде күткен дұрыс. Автокөлікте азық-түлік қоры, ыстық шаймен термос болуы қажет.
Кез келген жағдайда үрейленбей, барлық күшті жұмсап, кездейсоқ жағдайдан шығуға тырысыңыз.
Жақсы ауданының № 13-ӨСБ