№20 мектеп-гимназиясында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт туындаған кездегі өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жеке құрамының іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ оқу орны басшылығы мен қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі әрекет етуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, гимназияның акт залында шартты түрде өрт шықты. Өрт туралы сигнал түскеннен кейін оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жіберілді.
Оқу-жаттығу барысында жеке құрам күштер мен құралдардың оқиға орнына келуі мен жауынгерлік қанат жаю тәртібін, барлау жүргізуді, адамдарды іздеу және құтқаруды, сондай-ақ шартты өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Шартты зардап шегушіні құтқаруға ерекше назар аударылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар зардап шегушіні жедел анықтап, оны шартты өрт аймағынан эвакуациялады.
Оқу-жаттығуға бірнеше өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, сондай-ақ басқа да қалалық және жедел қызметтердің өкілдері қатысты. Гимназия басшылығы мен қызметкерлері өрт туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін, оның ішінде хабарлау, оқушыларды эвакуациялау және келген бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін пысықтады.
Мұндай практикалық іс-шаралар өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің дайындығын арттыруға, жедел қызметтер мен нысан әкімшілігінің өзара іс-қимылын жетілдіруге, сондай-ақ білім беру ұйымдары қызметкерлерінің өрт кезінде дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.