Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі басталды

Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі басталды

Өңірде жылыту кезеңінде жеке сектордағы өрттердің алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі басталды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, көміртегі тотығының концентрациясын анықтайтын датчиктер орнатылып, түтін мұржалары тазаланады.

Әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылады. Айлықтың алғашқы күнінде мамандар 1 400 үйді аралап, 75 датчик орнатып, 20 түтін мұржасын тазалады.

Жыл соңына дейін профилактикалық іс-шаралармен 200 мыңға жуық жеке тұрғын үйді, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың шамамен 9 мың үйін қамту жоспарлануда.

Профилактикалық жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп жүргізілуде.