Қазақстанда 218-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 218-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

  Ақмола облысы Бұланды ауданының Никольское ауылында 218-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Бекет ең жақын мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 58 шақырым қашықтықта орналасқан және жалпы саны шамамен 2 мың адам тұратын 3 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Бүгінде бекет тиісті даярлықтан өткен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға дайын толықтай жеке құраммен жасақталған. Жедел ден қою мақсатында ТЖМ бөлімшесі ерікті құралымға өрт сөндіру автоцистернасын, қажетті жабдықтарды, арнайы киім-кешек пен байланыс құралдарын табыстады.

  Еріктілерді даярлауды ТЖД мамандары ұйымдастырды. Олар өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын пайдалану, өрт-техникалық жарақты және байланыс құралдарын қолдану, өртті сөндіру тактикасы, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы оқытудан өтті. Дайындықтан өткен еріктілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті бастапқы кезеңінде оқшаулап, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қажетті көмек көрсете алады.

  Мұндай жобаларды іске асыру шалғай елді мекендердегі төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға ықпал етеді және ТЖМ-нің ауылдық өрт сөндіру бекеттері желісін дамытуға бағытталған ведомстволық бағдарламасының міндеттеріне сәйкес келеді.