Көкшетауда өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Көкшетауда өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Көкшетау қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінің жатақханасы базасында азаматтық қорғау гарнизоны бөлімшелерінің қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

 

Тактикалық жоспарға сәйкес, жатақхана ғимаратында шартты түрде жоғары дәрежелі өрт орын алып, жалынның тез таралуы мен ғимараттың қатты түтіндеуі орын алды. Осыған байланысты күштер мен құралдар жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмылдырылды. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырып, шартты өртті сөндіруге кірісті.

 

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар өздігінен қауіпті аймақтан шыға алмаған шартты зардап шегушіні іздеу және құтқару жұмыстарын пысықтады. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары мен арнайы құтқару жабдықтарын пайдалана отырып, өрт сөндірушілер түтін басқан бөлмеден шартты зардап шегушіні қауіпсіз жерге шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Сонымен қатар өртті сөндіру және жалынның көршілес бөлмелерге таралуына жол бермеу мақсатында жауынгерлік учаскелер ұйымдастырылды.

 

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау бөлімшелерінің, нысан әкімшілігінің және жедел қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге, сондай-ақ өрт сөндіру штабының жұмысын ұйымдастыруға, өрт сөндіру заттарын үздіксіз беруді қамтамасыз етуге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.

 

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Жеке құрам үйлесімді іс-қимылын, жоғары кәсіби даярлығын және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын көрсетті.