«Жас құтқарушы – 2026» республикалық слетінің үшінші жарыс күні аяқталды

«Жас құтқарушы – 2026» республикалық слетінің үшінші жарыс күні аяқталды

  Көкшетау қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген жас құтқарушылар командаларының қатысуымен өтіп жатқан «Жас құтқарушы – 2026» республикалық слетінің үшінші жарыс күні аяқталды.

  Бұл күні қатысушылар «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» (су кедергісінен өту) және «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» кезеңдері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс командалардан жоғары дене дайындығын, төзімділікті, жедел шешім қабылдау қабілетін және бірлесіп тиімді әрекет етуді талап етті.

  Барлық командалар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықтарын және нағыз жарыс рухын көрсетті. Жүлделі орындар үшін тартыс өте қызу өтіп, қатысушылар өзара қолдауын, төзімділігі мен жеңіске деген жігерін паш етті.

  «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» (су кедергісінен өту) кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Ақмола облысы;
2 орын — Батыс-Қазақстан облысы;
3 орын — Түркістан облысы.

  «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Солтүстік-Қазақстан облысы;
2 орын — Батыс-Қазақстан облысы;
3 орын — Түркістан облысы.

  Ертең қатысушыларды шешуші жарыс күні күтіп тұр. Командалар «Алғашқы медициналық көмек көрсету» кезеңі бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетеді. Осыдан кейін «Жас құтқарушы – 2026» республикалық слетінің жалпы қорытындылары шығарылып, жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.