Абайлаңыз – «Жұқа» мұз!

Абайлаңыз – «Жұқа» мұз!

Ауа райының нашарлауымен, қардың түсуімен және температураның төмендеуімен Ақмола облысының су айдындарында мұз қата бастады. Тұрақты суық және аяз басталғанға дейін мұз қауіпті. Ол тіпті баланың аз салмағына төтеп беру ықтималдығы шамалы. Қазіргі уақытта ол жұқа және мықты емес. Мұзға шығу және мұздың үстімен жылжығанда, адам мұз астына оңай түсіп кетуі ықтимал.

Алайда, жыл сайынғы бақылаулар көрсеткендей, көптеген адамдар қауіпсіздік ережелерін елемейді және өз өмірлерін қауіп-қатерге душар ету арқылы жұқа мұзды сынап көруді тырысады. Оған қарамастан қысқы балық аулау әуесқойлары мұзды бұрғылап шатырларын белсенді қоя бастады. Жыл сайын жұқа мұз адам өліміне себеп болады, әдетте, қайтыс болғандардың арасында балалар мен балықшылар жиі кездеседі.

Қысқы кезеңде су қоймаларына шығатын қауіпсіздік шаралары ескеру жөнінде қайталап, Ақмола обласы ТЖД жедел-құтқару жасағы «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысы Дәулет Шамиғанов, «Қазіргі таңда мұз жамылғысы Ақмола облысының барлық су айдындарында орнатылмаған сондықтан қатпаған мұзға шығу өте қауіпті. Көлдердегі қатқан мұздың қалыңдығы 10 сантиметрдей болады: Қопа (5 см) және Бурабай (4 см). Мұздың құрылымы бір қалыпты емес, ал жеке өзендерде шұңқырлар мен жуықтар бар. Зеренді және Щучье көлдері әлі қатқан жоқ және мұз жамылғысы тек шеттерінде байқалады: Зеренді (жағадан 5-6 метрге) және Щучье (жағадан 30-50 метрге). Судағы қатқан мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 сантиметрдей және 15 см тұзды суда болса, ол адам үшін қауіпсіз болып саналады. Сондықтан мұзға шыққан кезде өте мұқият болу керек және қауіпсіздік шараларын сақтау керек!» Осыдан тура бір жыл бұрын, 2019 жылғы 18 қарашада Көкшетау қаласында Қопа көлінде құтқарушылар төтенше жағдайлардың ескере отырып, балық аулау құралдарымен дұрыс қатпаған мұзға балық аулаймын деп балықшыны құтқарды. Кездейсоқ оқиға құтқару станциясынан алыс емес болды. Құтқарушылар көлді бақылай отырып, мұз астына түсіп кеткен адамды байқап, оны судан алып шығып, жылыту пунктіне жеткізіп, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмегін көрсетті. Облыс тұрғындарына, әсіресе балық аулауды құмарларға – осы кезеңде мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймын!», деп ескерді.

Оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз!:

- мұз өзен бұрылыстары мен ағынды суларда, ағысы қатты жерлерде, ағаш, қамыс, бұталар өскен су аймақтарында, тез ағатын, кілттер мен ағынды сулар соғатын жерлерде өте әлсіз болады;

- егер ауаның температурасы 0 жоғары қалпын үш күн бойы ұстаса, мұздың қаттылығы 25% төмендейді;

- мұздың қатқанының сапасын былай анықтауға болады: егер мұз түсі көгілдір болса – қатты, егер ақ түсті болса сапасы 2 есе төмендейді, егер сұр, ақшыл, немесе сарғыш аралас болса мұз әлсіз дегенді білдіреді, мұндайда мұзға шығуға болмайды.Мұзға шығып өз өмірлеріне қауіп төндіретін адамдар табылатынына байланысты, жұқа мұзда өзін-өзі ұстау ережелерін еске салғымыз келеді;

- әрдайым, жағадан мұзға түспес бұрын, мұздың беріктігін тексеріп көріңіз, орынды мұқият қарап алыңыз, мұздағы қалың қардан абай болыңыз;

- баратын және кері қайтатын бағытты белгілеп алыңыз;

- мұздың немесе қардың түсі өзге жерден қаралау жерге жақындамаңыз, өйткені бұл жерде мұзды шаятын су ағынының болуы әбден мүмкін;

- мұз үстінде топ-топпен жүрмеңіз, арттық жүкті алмаңыз, ең ыңғайлысы жүкті қол шанамен сүйреуі, кез келген жағдайда шана және оған байланған жіп сізге құтқарушы зат бола алады.

Егер суық суға абайсызда түсіп кетсеңіз не істеу қажет?

- сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз;

- қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз;

- ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, алдымен бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды мұз үстіне шығаруға тырысыңыз;

- мұз үстіне шыққаннан кейін ақырындап жағаға қарай еңбектеңіз;

- келген жағыңызға қарай еңбектеңіз, ол жердегі мұз текрсерілген, қатта.

Егер сіздің көмегіңіз керек болса:

- кез келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті қолданыңыз (шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады);

- аяқ пен қолды жан жаққа созып, құтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз;

- судағы адамға бірнеше метр қашықтықта тоқтап, құтқару құралын лақтырыңыз, киімді, арқанда, таяқшаны, бұтақты т.б.

- зардап шегушіні мұз үстіне шығарып келген жаққа қарай бірге еңбектеңіздер.

Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліңіз. Көмек көрсетіңіз: су киімдерін шешіңіз, спирт немесе арақ жағып, қолыңызбен денесін тез шапшаң қимылмен уқалаңыз (қызарғанға дейін), ыстық шай беріңіз. Ешқашан зардап шегушіге алкоголь бермеңіз – мұндай жағдайдың соңында адамның талып қалуы мүмкін.

Егер сізбен, немесе өзіңіз мұзда жазатайым оқиға болса куәгері болсаңыз, дереу 112 телефоны бойынша хабарласып болған оқиға туралы құтқару қызметіне хабарлаңыз.

 

Ақмола обласы ТЖД жедел-құтқару жасағы «ӨС және АҚЖҚ» ММ