
Азаматтық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде кадрлық ротация жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 8 сәуірдегі №217 ж/қ бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғау подполковнигі Жолдасов Бауыржан Тасымұлы Ақмола облысы ТЖД Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін осы басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Ақмола облысы ТЖД-нің 2026 жылғы 9 сәуірдегі №103 ж/қ бұйрығына сәйкес, азаматтық қорғау подполковнигі Бапишев Самат Рашидұлы Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
Осы бұйрыққа сәйкес, азаматтық қорғау подполковнигі Бабаев Қанат Қуанышбайұлы Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін Ақмола облысы ТЖД Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған.