Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен тыңдаушылардың онлайн-дәрістері өтті

Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен тыңдаушылардың онлайн-дәрістері өтті

Жоспар-кестеге сәйкес 2020 жылғы 2-7 қараша аралығында Көкшетау қаласының оқу орталығында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, «Өрт сөндіру бөлімдерінің (МӨСБ) кезекші ауысымдарының басшылары (қарауыл бастықтары» санаты бойынша тыңдаушылар біліктілігін арттырудан өтуде

           2020 жылдың 4-6 қараша аралығында онлайн-сабақтар ұйымдастырылды, оны Ақмола облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ КҚЖБО бастығы азаматтық қорғау майоры Амангельды Серикович Доскенов және ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша "Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалының ШӘЕБ фельдшері Бахтияр Алтынбекұлы Мырзабеков жүргізді. Сабақтарда келесі тақырыптар қарастырылды: "Автоматтандырылған жұмыс орны. АЖО түрлері, СДТБТ", "Жаралар, түрлері, белгілері, асқынулары, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету", "Реанимация туралы түсінік. Негізгі реанимациялық шаралар (жанама жүрек массажы, жасанды тыныс алу). Суға бату кезіндегі реанимацияның ерекшеліктері".

          Дәріс барысында тыңдаушылар мен лекторлар арасында жанды байланыс орнатылды, Нұр-сұлтан қаласындағы Абу-Даби сияқты адамдар көп жиналатын нысандардағы АЖО жүйелерінің маңыздылығы, ТЖМ жаңа ақпараттық жүйесін дамыту перспективалары, өрт, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету мәселелері қаралды. Тыңдаушыларға сабақ тақырыптары бойынша оқу-әдістемелік материалдар, презентациялар мен оқу бейнероликтері ұсынылды.

           Облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің және Апаттар медицинасы орталығының жұмыс істеп тұрған кәсіби мамандарының сабақ өткізуі кезекші ауысым басшыларының қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілік, борыш және жоғары кәсібилік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.

     Көкшетау қ. ОО