Ақмола облысының құтқарушылары әріптестерін құрметті демалысқа шығарып салды

Ақмола облысының құтқарушылары әріптестерін құрметті демалысқа шығарып салды

Ақмола облысы ТЖД-де қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып салу және үздік құтқарушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында а/қ подполковнигі Гүлмира Мұхамедьярова мен а/қ полковнигі Павел Пакқа алғыс білдірілді. Олар азаматтық қорғау саласында 20 жылдан астам және 30 жылға жуық қызмет атқарған.

Осы жылдар ішінде жоғары кәсібилік пен адалдық танытып, өңір қауіпсіздігіне үлкен үлес қосты.

Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер «Ақ жол» партиясының «Апатпен күрескені үшін» медалімен марапатталды.

Мерекелік көңіл күй концерттік бағдарламамен жалғасты.

 Іс-шара соңында дәстүр бойынша ардагерлерді өрт сөндіру жеңдерімен су шашып шығарып салды — бұл жаңа өмір кезеңінің символы.