Құтқарушылар алғашқы сенбілік өткізді

Құтқарушылар алғашқы сенбілік өткізді

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері биылғы алғашқы сенбілікті өткізді. Іс-шара аясында департаменттің жеке құрамы әкімшілік ғимаратқа іргелес аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына бір кісідей жұмылды.

Жұмыс барысында аумақ қар қалдықтары мен қыс мезгілінде жиналған қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар қызметкерлер бордюрлерді әктеп, жаяу жүргінші жолдары мен көгалдарды ретке келтіріп, ғимараттың терезелерін жуды.

Осындай іс-шараларды өткізу тазалық пен тәртіпті сақтауға, қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы корпоративтік рухты нығайтуға ықпал етеді.