«Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу

«Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу

2020 жылғы 5-6 қараша аралығында Ақмола облысында "Қыс-2020"республикалық штабтық жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау».

          «Дабыл-1001» (басқару органдары мен күштерді дайындыққа келтіру) сигналы түсті.

Сигналдар жұмылдырылған құрылымдық және өрт сөндіру бөлімшелеріне жеткізілді.

Штаб бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е.Қ. Молдаханов өртке қарсы қызмет штабының мүшелерімен кеңес өткізді.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстар қорларының болуы мен жай-күйін тексеру жоспарлануда. Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларындағы оқу-жаттығулар шеңберінде қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі практикалық іс-қимылдарды пысықтайтын тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар карантиндік шектеулерді сақтай отырып, қашықтықтан өткізілетін болады

Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы