1996 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл (Қызылту) ауылында дүниеге келген. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарады. Қызмет барысында өзін тәртіпті, жауапты және кәсіби маман ретінде көрсетті. 2024 жылдан бастап Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі болып табылады. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ресми хабарламалар, брифингтер мен профилактикалық материалдарды дайындауға қатысады. Төтенше жағдайлар аймағында жұмыс істеу тәжірибесі бар, ТЖД бөлімшелері өткізетін қоғамдық және профилактикалық іс-шаралар мен акцияларға белсенді қатысады.