
Көкшетау қаласында Ақмола облысы ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен ашық кеңес беру форматында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының мамандары өрт сөндіру бөлімшелеріндегі жұмысшы мамандықтары бойынша бос орындар туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар қызмет талаптары, жұмыс жағдайы және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысты.
ЖОО түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жеке кеңестер беріліп, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан үміткерлердің түйіндемелері жиналып, олардың бірқатары әңгімелесуге шақырылды.
Бұл — адамдарға көмек көрсетіп, өмір сақтайтын мамандыққа бастар алғашқы қадам болуы мүмкін.