Құтқарушылар техникасының көрмесі

Құтқарушылар техникасының көрмесі

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында өткізілетін азаматтық қорғаныс айлығы шеңберінде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті арнайы іс-шара ұйымдастырды. Абылай хан алаңында құтқару бөлімшелерінің арнайы техникасына арналған саптық қарау өтті. Іс-шараға азаматтық қорғау қызметкерлері, Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишанов бұл күннің өз өмірін тәуекелге тіге отырып, өзгелерді құтқару жолында қызмет ететін адамдарға арналған ерекше дата екенін атап өтті. Сондай-ақ ол қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Алаңда құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету үшін пайдаланатын заманауи техника қойылды. Іс-шараның көркін Азаматтық қорғау академиясы курсанттарының саптық дефилесі аша түсті. Сонымен қатар «Batyr Team» клубының жауынгерлері көрермендерге көрсетілімдік өнерлерін ұсынды.