Өрт сөндіру бөлімдерін реновациялау: Шыңғыс Әрінов Ерейментау қаласында модульдік өрт сөндіру бөлімін ашты

Өрт сөндіру бөлімдерін реновациялау: Шыңғыс Әрінов Ерейментау қаласында модульдік өрт сөндіру бөлімін ашты

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Ақмола облысының Ерейментау қаласында модульдік өрт сөндіру бөлімін салтанатты түрде ашты.

  Ашылу рәсіміне Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатов, ТЖД басшылығы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

  40 жылға жуық уақыт бұрын 1985 жылы салынған өрт сөндіру бөлімі жаңартуды, инфрақұрылымды заманауи талаптарға сәйкестендіруді қажет етті. Жаңартылған бөлім тұрғындар саны 26 мыңнан асатын 32 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлім оқу сыныптарымен, демалыс үй-жайларымен және тұрмыстық аймақтармен жабдықталған. Жеке құрамның дене даярлығын ұстау үшін «Batyr team» заманауи спорт залы қарастырылған.

  Іс-шара барысында ведомство басшысы еліміздегі өрт инфрақұрылымы жүйесі ауқымды реновациялау және жаңғырту кезеңіне енгенін атап өтті. Бұл шараларды іске асыру халық қауіпсіздігін арттыру және азаматтық қорғау күштерінің мүмкіндіктерін жетілдіру жөніндегі ТЖМ-нің ұзақмерзімді жоспарларының құрамдас бөлігі болып табылады.

  Сонымен қатар Шыңғыс Әрінов жолдағы қолайсыздық пен климаттық жағдайларда қолдануға арналған өтімділігі жоғары автокөліктердің және өрт сөндіру автоцистернасының кілттерін табыс етті. Техниканы жаңарту жедел әрекет етуді қамтамасыз етіп, жұмыстың тиімділігін арттырады. Жоғары жауапкершілік көрсеткен және объектінің құрылысына белсенді қатысқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етілді.

  ТЖМ өрт қауіпсіздігі жүйесін нығайтып, еліміздегі азаматтардың қорғалу деңгейін арттырып, ауылдық жердегі нысандарды жүйелі түрде жаңғыртуда.