
Көкшетау қаласында «Жол бер!» профилактикалық акциясы өткізілді. ТЖМ қызметкерлері жолда жедел қызмет көліктеріне жол беру мәселесіне қалай қарайтынын және оның барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызын қаншалықты түсінетінін анықтау мақсатында жүргізушілер арасында сауалнама жүргізді.
Акция аясында автокөлік иелері жүргізушілердің кейде жарқылдақ шамдары мен дыбыстық дабылдары қосылған арнайы қызмет көліктеріне не себепті жол бермейтіні, мұндай құқық бұзушылықтардың әкімшілік жауапкершілік тұрғысынан қандай салдарға әкелетіні, сондай-ақ жолдағы өзара құрмет пен мәдениетті мінез-құлықтың маңызы туралы сұрақтарға жауап берді.
Сауалнама барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау мен жолдағы жауапкершіліктің маңыздылығы ескертілді. Әр минут санаулы болғандықтан, жедел қызмет көліктеріне уақытылы жол берудің олардың жұмыс тиімділігіне тікелей әсер ететінін және адамның өмірін құтқаруда шешуші рөл атқаруы мүмкін екенін атап өтуге ерекше назар аударылды.
ТЖМ осындай профилактикалық іс-шаралар жүргізушілерді жолда аса абай болып, жауапкершілікке үйрететінін, бұл өз кезегінде барлық жол қатысушылары үшін қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететінін атап өтуде.